Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» АЭС: Штаб мүшелері Қосжар ауылдық округі тұрғындарына түсіндіру жұмысы жүргізілді

АЭС: Штаб мүшелері Қосжар ауылдық округі тұрғындарына түсіндіру жұмысы жүргізілді

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың кезекті Жолдауында көрсетілген жалпыұлттық референдум өткізу бойынша АЭС салуды қолдау жөніндегі халықтық штаб мүшелері Қосжар ауылдық округінің халқымен кездесті.

Штабтың мақсаты – ел арасында кең ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, қоғамды АЭС-ті қолдауға жұмылдыру. Халықты атом электр станциясын салу жөніндегі прогрессивті идеясының айналасында топтастыру, қоғамға АЭС салудың маңыздылығы мен артықшылықтарын жеткізу.
АЭС салуды қолдау жөніндегі Арал аудандық Халықтық штабы бүгін кездесу жұмыстары Қосжар ауылдық округінің халқымен кездесіп, 6 қазанда өтетін референдумның маңыздылығын түсіндірді.
Энергетика министрлігінің болжамдары бойынша 2035
жылға қарай Қазақстанда электр энергиясын тұтыну 152,4 млрд кВт/сағ құрайды деп күтілуде. Бұл ретте жұмыс істеп тұрған электр станциялары небәрі 135 млрд кВт/сағ қамтамасыз ете алады. Бүгінде электр қуатының тапшылығын Ресейден келетін ағындар жауып отыр. Бұл энергетикалық тәуелділікке және елдің энергетикалық нарығының қауіпсіздігінің төмендеуіне әкеледі.

Сондай-ақ,қазіргі уақытта Қазақстан электр энергиясының тапшылығын сезінуде және оны көрші елдерден импорттауға мәжбүр екенін бәрі білуге тиіс. Осы тапшылық жаңа өндірістердің іске қосылуына, жұмыс орындарын құруға тікелей әсер етіп, бизнестің дамуына кедергі келтіруде. Бұған жол беруге болмайды.
Кездесуде Қосжар ауылдық округінің тұрғындары референдум АЭС бойынша толғандырған сауалдарын қойып, штаб мүшлерінен жауап алды.
#AMANAT
#АЭСүшін
#АЭСтаңдаймыз
#Референдум2024
#ХалықтықШтаб
---
13 қыркүйек 2024 ж. 81 0