КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ МАҢЫЗДЫ

Алдымен Арал көпсалалы колледжінің директоры Н.Әбішев пен Арал индустриалды-техникалық колледжінің директоры Р.Айназаров колледж студенттерінің сабаққа қатысуы және тәртібі туралы хабарлама жасады.
Бүгінде студенттердің сабаққа қатысуы және оларға қойылатын талаптар да күшейген. Осы мақсатта, шәкірттердің сабаққа қатысуы мен тәртібі, жатақханалардағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету, «соқыр аймақтарға» камера орнату, студенттердің жүріс-тұрысын тұрақты бақылауға алу, түнгі мезгілде жұмыс істейтін студенттер мен олардың ата-аналарымен арнайы түсіндірме жұмыстары жөнінде комиссия мүшелері мен прокуратура қызметкері тарапынан сын-ескертпелер айтылды.
Сондай-ақ, мектеп оқушыларына берілетін ыстық тамақтардың берілуі жөнінде Арал ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы С.Жанназарова хабарлама жасады. Аудан әкімінің орынбасары бұл бағыттағы жұмыстарға кеңінен тоқталып, ауыл әкімдеріне балаларға берілетін ыстық тамақтың сапасы мен құрамына мектеп басшыларымен бірлесіп, бақылау жасауды қатаң тапсырды.
Кәмелетке толмағандар арасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу шаралары туралы Арал ауданының полиция бөлімінің ювеналды полиция тобының аға инспекторы А.Сермағамбетова баяндама жасап, жыл көлемінде атқарылған жұмыстарға тоқталып өтті.
Талқыланған мәселелер бойынша комиссия төрағасы Н.Бохаев атқарылуға тиіс жұмыстар аясында жауапты тұлғаларға бірқатар міндеттемелер жүктеді.

