Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Энергетиктер АЭС құрылысын қолдайды

Энергетиктер АЭС құрылысын қолдайды

Елімізде электр қуатына деген сұраныс жыл санап артып келеді. Сондықтан бізде энергия тапшылығы болмауы үшін, жаңа электр энергиясын өндіретін орындар қажет. Бұл туралы АЭС салуды қолдау жөніндегі аудандық Халықтық штаб мүшелерінің Арал аудандық электр торабында өткізген кездесуінде айтылды.

Атом энергетикасы объектілері, оның ішінде радиоактивті қалдықтары бар аумақтар стратегиялық объектілер қатарына жатқызылады және қорғауға жатады. Қарапайым сөзбен айтқанда, АЭС аумағына ену шектеулі және мұқият күзетілетін нысан болмақ.
«Елімізде АЭС салудың маңыздылығының бірнеше маңызды себептері бар. Жылдан жылға электр энергия тапшылығы артып келеді. Бұл тапшылықты жою үшін, энергетикалық тәуелділіктен арылу үшін бізге тұрақты энергия көзі керек. Сондай-ақ көрші елдерден жетпеген ағындарды қымбат бағаға сатып алып отырмыз. Бұл елдегі энергия тарифінің өсуіне, тұрақсыздығына алып келеді
азаматтардың денсаулығы мемлекеттің басым бағыты екенін атап өтіп, АЭС-тің халықтың денсаулығы мен қоршаған ортаға әсеріне тоқталды. Атом электр станциялары қоршаған ортаны түтін газдары, күл, мұнай өнімдері бар ағынды сулар сияқты заттармен ластамайды. Оны салу және пайдалану кезіндегі қауіпсіздік бірінші кезектегі мәселе. АЭС құнының 40%-ы қауіпсіздік жүйесіне бағытталады.
Ал энергетика саласының өкілдері энергия тапшылығы мәселесін шешудің ең тиімді жолы - АЭС құрылысы деген пікірлерін білдірді.

#АЭСкеДауысБер
#ҚазақстанғаҚуатБер
#6қазанҚуатБер
#Референдум2024
#ГолосуйЗаАЭС
01 қазан 2024 ж. 91 0