Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ АЭС ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАМАСЫНА ҚОЛДАУ БІЛДІРУДЕ

АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ АЭС ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАМАСЫНА ҚОЛДАУ БІЛДІРУДЕ

АЭС салуды қолдау жөніндегі аудандық Халықтық штаб өкілдері Төреахметов Базарбай және Қанатов Талғат Жетс би ауылдық округінің тұрғындарымен елімізде атом электр станциясын салу мәселесінің тиімділігін талқылады.Бүгінгі күні елімізде электр қуатын өндірудің негізгі көзі көмірмен жұмыс істейтін зауыттар. Олардың үлесіне елдегі өндірілетін электр энергиясының шамамен 70% келеді.
«Бұл жобаның ел үшін стратегиялық маңызы бар. АЭС елді энергетикалық тәуелсіздікпен қамтамасыз етіп, импорттық ресурстарға тәуелділікті азайтады. 60 жылдан астам уақыт бойы тұрақты энергиямен қамтамасыз етеді. Елімізде апат қаупін барынша азайтатын, қауіпсіздіктің барлық талаптарына сәйкес келетін жаңа буын III немесе III+ атом электр станциясын салу қарастырылуда»
Атом энергетикасы объектілері, оның ішінде радиоактивті қалдықтары бар аумақтар стратегиялық объектілер қатарына жатқызылады және қорғауға жатады. Қарапайым сөзбен айтқанда, АЭС аумағына ену шектеулі және мұқият күзетілетін нысан болмақ.деді Төреахметов Базарбай

Кездесу соңында ауыл тұрғындары АЭС тиімді әрі таза энергия көзі деген пікірлерін айтып, қолдауға ниетті екендіктерін білдірді.
#АЭСүшін
#АЭСтаңдаймыз
#АЭСРеферендум
#Референдум2024
#ХалықтықШтаб
#АЭСбізге
#БізгеАЭСкерек
#ҚазақстанғаҚуатБер
26 қыркүйек 2024 ж. 133 0