Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » АЭС-тің тиімді тұстары жайында ақпарат берілді

АЭС-тің тиімді тұстары жайында ақпарат берілді

Бүгін АЭС салуды қолдау жөніндегі аудандық Халықтық штабы өкілдері Жаңақұрылыс ауылдық округінің тұрғындарына, АЭС салудың тиімділігін түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында Халықтық штаб өкілдері атом электр станциясын салудың артықшылықтары, қауіпсіздік шаралары және оның елдің энергетикалық болашағына әсері жайында айтты.

«Бұл жобаның ел үшін стратегиялық маңызы бар. АЭС елді энергетикалық тәуелсіздікпен қамтамасыз етіп, импорттық ресурстарға тәуелділікті азайтады. 60 жылдан астам уақыт бойы тұрақты энергиямен қамтамасыз етеді. Елімізде апат қаупін барынша азайтатын, қауіпсіздіктің барлық талаптарына сәйкес келетін жаңа буын III немесе III+ атом электр станциясын салу қарастырылуда»
Атом энергетикасы объектілері, оның ішінде радиоактивті қалдықтары бар аумақтар стратегиялық объектілер қатарына жатқызылады және қорғауға жатады. Қарапайым сөзбен айтқанда, АЭС аумағына ену шектеулі және мұқият күзетілетін нысан болмақ.
Өз кезегінде ауыл тұрғындары атом электр станциясының құрылысын қолдауға дайын екендерін білдірді.

#АЭСүшін
#АЭСтаңдаймыз
#АЭСРеферендум
#Референдум2024
#ХалықтықШтаб
#АЭСбізге
#БізгеАЭСкерек
#ҚазақстанғаҚуатБер
25 қыркүйек 2024 ж. 281 0