Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Халықтық штаб өкілдері Қаратерең ауылдық округі тұрғындарымен кездесті

Халықтық штаб өкілдері Қаратерең ауылдық округі тұрғындарымен кездесті

Штабтың мақсаты – ел арасында кең ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, қоғамды АЭС-ті қолдауға жұмылдыру. Халықты атом электр станциясын салу жөніндегі прогрессивті идеясының айналасында топтастыру, қоғамға АЭС салудың маңыздылығы мен артықшылықтарын жеткізу.
Бүгінгі таңда дүние жүзінде 62 реактор салынып жатыр, көптеген елдер атом электр станцияларының паркін кеңейту жоспарына кірісті немесе алғашқы атом энергетикасы бағдарламасын әзірлеуде.Жаңа атом электр станциялары, соның ішінде шағын модульдік реакторлы электр станциялары болашақта пайдаланудан шығаруды ескере отырып жобалануда. Басқаша айтқанда, жобалаушылар ядролық энергетикалық реакторлардың қалай бөлшектелетінін құрылыс
басталмай тұрып-ақ алдын ала жоспарлайды.Сонымен қатар, МАГАТЭ елдерге пайдаланудан шығару жұмыстарының тиісті техникалық және нормативтік талаптарға сәйкес жүзеге асырылуын қамтамасыз етуге көмектеседі, қауіпсіздік
стандарттарын ұсынады және семинарлар, форумдар және миссиялар мен жарияланымдар арқылы үздік тәжірибе алмасуға жәрдемдеседі.
Кездесуде ауыл тұрғындары АЭС салу бойынша сұрақтарын қойып,штаб мүшелерінен тиісті жауаптарын алды.
#АЭСүшін
#АЭСтаңдаймыз
#АЭСРеферендум
#Референдум2024
#ХалықтықШтаб
#АЭСбізге
#БізгеАЭСкерек
#ҚазақстанғаҚуатБер
24 қыркүйек 2024 ж. 76 0