Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Сексеуіл кентінде штаб өкілдері экспромт-кездесу өткізді

Сексеуіл кентінде штаб өкілдері экспромт-кездесу өткізді

АЭС-тің оң әсерін қоғам назарына ұсыну үшін штаб мүшелері халық шоғырланған аумақтарда ЭКСПРОМТ-кездесу үйымдастыруда. Осындай кездесулердің бірі бүгін Сексеуіл кенті «КЕРУЕН» сауда үйінде ұйымдастырылды.
АЭС-ті қолдау жөніндегі аудандық Халықтық штаб өкілдері сауда үйінің тұтынушыларына жасыл энергияның ел экономикасына, халық әлеуетіне және қоршаған ортаға тигезетін оң әсері жайлы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Бүгінгі таңда дүние жүзінде 62 реактор салынып жатыр, көптеген елдер атом электр станцияларының паркін кеңейту жоспарына кірісті немесе алғашқы атом энергетикасы бағдарламасын әзірлеуде.Жаңа атом электр станциялары, соның ішінде шағын модульдік реакторлы электр станциялары болашақта пайдаланудан шығаруды ескере отырып жобалануда. Басқаша айтқанда, жобалаушылар ядролық энергетикалық реакторлардың қалай бөлшектелетінін құрылыс
басталмай тұрып-ақ алдын ала жоспарлайды.Сонымен қатар, МАГАТЭ елдерге пайдаланудан шығару жұмыстарының тиісті техникалық және нормативтік талаптарға сәйкес жүзеге асырылуын қамтамасыз етуге көмектеседі, қауіпсіздік
стандарттарын ұсынады және семинарлар, форумдар және миссиялар мен жарияланымдар арқылы үздік тәжірибе алмасуға жәрдемдеседі.

Кездесуде сауда үйінің саудагерлері және тұтынушылары ел болашағы үшін қолға алынған бастаманы қолдайтынын жеткізді.
#АЭСүшін
#АЭСтаңдаймыз
#ЗаАЭС
#ВыборЗаАЭС
#АЭСРеферендум
#Референдум2024
#ХалықтықШтаб
#НародныйШтаб
#АЭСбізге
#БізгеАЭСкерек
#ҚазақстанғаҚуатБер
#ЗарядимКазахстан

17 қыркүйек 2024 ж. 95 0