Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Штаб өкілдері Сексеуіл кентінде экспромт-кездесу өткізді

Штаб өкілдері Сексеуіл кентінде экспромт-кездесу өткізді

АЭС-тің оң әсерін қоғам назарына ұсыну үшін штаб мүшелері халық шоғырланған аумақтарда ЭКСПРОМТ-кездесу үйымдастыруда. Осындай кездесулердің бірі бүгін Сексеуіл кенті «ҚАРАҚАТ» сауда үйінде ұйымдастырылды.
АЭС-ті қолдау жөніндегі аудандық Халықтық штаб өкілдері сауда үйінің тұтынушыларына жасыл энергияның ел экономикасына, халық әлеуетіне және қоршаған ортаға тигезетін оң әсері жайлы талқылады.
Әлемнің әртүрлі елдеріндегі атом электр станцияларын пайдаланудың көп жылғы тәжірибесі олардың адамдарға және табиғатқа зиянын тигізбейтінін растайды. Ғалымдар ірі жылу электр станциясы аймағындағы жеке сәулелену дозалары атом электр станциясының жанындағы ұқсас дозадан 5-10 есе артық екенін эксперименталды түрде анықтады. Сондықтан ядролық энергия «жасыл» деп танылды. Бұл энергия көзі жаңартылатын энергия көздерімен салыстырғанда ең экологиялық таза болып табылады.
Кездесуде сауда үйінің тұтынушылары ел болашағы үшін қолға алынған бастаманы қолдайтынын жеткізді.
#АЭСүшін
#АЭСтаңдаймыз
#ЗаАЭС
#ВыборЗаАЭС
#АЭСРеферендум
#Референдум2024
#ХалықтықШтаб
#НародныйШтаб
#АЭСбізге
#БізгеАЭСкерек
#ҚазақстанғаҚуатБер
#ЗарядимКазахстан
16 қыркүйек 2024 ж. 87 0