Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » АЭС: Халықтық штаб мүшелері Сексеуіл кентінің теміржолшыларымен кездесті

АЭС: Халықтық штаб мүшелері Сексеуіл кентінің теміржолшыларымен кездесті

Штабтың мақсаты – ел арасында кең ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, қоғамды АЭС-ті қолдауға жұмылдыру. Халықты атом электр станциясын салу жөніндегі прогрессивті идеясының айналасында топтастыру, қоғамға АЭС салудың маңыздылығы мен артықшылықтарын жеткізу.

Кездесу барысында үгіт-насихат тобы дамыған елдердің тәжірибесіне сүйеніп, электр энергиясын өндіруде АЭС-ның рөлін айтты. Қазіргі таңда озық технологияларды қолдану арқылы энергетикалық саланы дамыту әлемдік тәжірибеде өз жетістігін беруде. Атом энергетикасы экономиканың маңызды қозғалтқышына және жоғары технологиялық сектордың локомотивіне айналады. Іргелес салалар үшін орасан зор мультипликативті әсер береді және ғылыми зерттеулердің өсуіне әкеледі.

“Біздің еліміз де дамыған елдер қатарына қосылғысы келсе, атом электр станциясы сияқты жобаларды қолға алуымыз орынды. Атом электр станциясын салу экономикалық тұрғыдан да тиімді, әрі нәтижесі ұзақ мерзімді болады. Сонымен қатар халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға ықпал етеді”, - деді Аяғанов Еркебұлан
АЭС қажеттілігі бойынша маңызыд ақпарат алғандарын айтып, теміржолшылар болып қолдайтындарын білдірді.
#АЭСүшін
#АЭСтаңдаймыз
#ЗаАЭС
#ВыборЗаАЭС
#АЭСРеферендум
#Референдум2024
#ХалықтықШтаб
#НародныйШтаб
#АЭСбізге
#БізгеАЭСкерек
#ҚазақстанғаҚуатБер
#ЗарядимКазахстан
17 қыркүйек 2024 ж. 111 0