Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ардагерлер арасында шахматтан сайыс өтті

Ардагерлер арасында шахматтан сайыс өтті

1 қазан – Қарттар күні мерекесіне орай Шахматтан ардагерлер арасындағы аудандық жекелей біріншілік өтті.
Мереке қарсаңындағы сайыс жаңадан ашылған үрлемелі модульді спорттық нысанда өтіп, оған ауданның әр өңірінен келген 12 ардагер қатысты. Біріншіліктің басталуына аудан әкімі Аманжол Оңғарбаев куә болып, ақыл-ойдың кенін қазған қазына кеуде қариялардың сайысына сәттілік тіледі.
Тартысқа толы біріншіліктің нәтижесі бойынша Сапақ ауылдық округіне қарасты Көктем ауылынын келген 65 жастағы Құдайберген Көлов І орын иегері атанса, жақсықылыштық 66 жасар Әлмұрат Ерімбетов ІІ орынды еншіледі. Ал жүлделі ІІІ орынға Арал қаласынан қатысқан 70 жастағы Скендір Тастеміров лайық деп табылды.
Сайыс жүлдегерлері мен өзге де қатысушыларға қаржылай сый-құрмет көрсетілді.
"Толқын" ақпарат
02 қазан 2024 ж. 81 0