Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ардагерлер арасында жүгіруден марафон өтті

Ардагерлер арасында жүгіруден марафон өтті

Халықаралық қарттар күні мерекесіне орай ауданның бір топ ардагерлері «Рәміздер» алаңы демалыс орнындағы спорт алаңында жүгіру жолағына шығып, өзара жүгіруден жарысты.
Бүгінде зейнет жасына қарамастан спортты жанына серік еткен желаяқтарды белгілі марафоншы Серік Өтебалиев бастап шықты. Бірқатар азаматтар 20 айналымды бағындырса, қалған ардагерлер қатардан қалыспай бірнеше айналымды жүгіріп өтті.
Аудандық мәдениет және спорт бөлімі мен аудандық қоғамдық даму бөлімінің ұйымдастыруымен өткен спорттық шарада Арал қалалық ардагерлер ұйымының төрағасы Ә. Танымбетов ардагер-желаяқтармен жарыс жолында бірге болып, үздік нәтиже көрсеткен қатысушыларға аудан әкімінің Алғыс хаты мен арнайы медальдарын табыс етті.
"Толқын" ақпарат
03 қазан 2023 ж. 924 0