Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Халықтық штаб өкілдері "Арал ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің" ұжымымен кездесті

Халықтық штаб өкілдері "Арал ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің" ұжымымен кездесті

Кездесудің негізгі мақсаты – жастарға АЭС-тің тиімділігі, экологиялық әсері, қауіпсіздігі және экономикалық тиімділігі туралы ақпараттық-түсінік беру.

АЭС-тің жаһандық және жергілікті деңгейдегі маңыздылығын, оның энергия тапшылығын жоюдағы мүмкіндіктеріне тоқталды.

«Қазіргі жағдай бойынша әлемде 31 елде шамамен 415 ядролық реактор жұмыс істейді. 56 реактордың құрылысы жүргізіліп жатыр. Елімізде электр қуатының тапшылығы еліміздің оңтүстік аймақтарында байқалады. Электр энергиясының жаңа көздерін енгізбесек, тапшылық жыл сайын өсе береді. Сондықтан, еліміздегі АЭС құрылысы осы секілді мәселелердің шешімі, алдағы ұзақ жылдарда елдің табысты дамуының кепілі болатын серпінді жоба болмақ».
Арал ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынстар бөлімінің қызметкерлері АЭС-тің ел игілігі үшін тиімді жоба екендігін айтып, қолдайтындарын білдірді.

#АЭСүшін
#АЭСтаңдаймыз
#АЭСРеферендум
#Референдум2024
#ХалықтықШтаб
#АЭСбізге
#БізгеАЭСкерек
#ҚазақстанғаҚуатБер
03 қазан 2024 ж. 75 0