Сотпен 30 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды
Арал аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 7-бөлігімен аз.М-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.
Іс құжаттарынан белгілі болғандай, құқық бұзушы М. бұрын көлік құралын басқару құқығы жоқ адам бола тұра, алкогольдік ішімдік ішкен масаң күйінде көлік басқарғаны үшін әкімшілік жазаға тартылған. Алайда, ол, одан еш нәтиже шығармастан әкімшілік жаза қолдану туралы қаулының орындалуы аяқталған күннен бастап бір жылдың ішінде, яғни 13 наурыз 2019 жылы қайтадан көлік құралын басқару құқығы жоқ бола тұра, «Урал» мотокөлігін масаң күйінде басқарған.Сот отырысында құқық бұзушы өз кінәсін мойындап, шын мәнінде ішімдік ішкен күйінде автокөлік басқарғанын, бұған дейін осындай әрекеті үшін 20 тәулікке қамалғанын айтып, жасаған әрекетіне өкінетінін білдірген.
Сот қаулысымен құқық бұзушы М. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 608-бабының 7-бөлігімен кінәлі деп танылып, 30 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.
Арал аудандық сотының
баспасөз қызметі
/
В Аральском районном суде рассмотрено административное дело по ст.608 ч.7 КоАП РК в отношении гражданина М.Из материалов дела следует, что правонарушитель М. ранее был привлечен к административной ответственности за управление транспортным средством в состоянии алкогольного опьянения, не имея права управления транспортным средством. Однако, он из этого не сделав никаких выводов, повторно в течение года после истечения срока административного взыскания, т.е. 13 марта 2019 года, не имея права на управление транспортным средством, управлял мотоциклом «Урал» в состоянии алкогольного опьянения.
В судебном заседании правонарушитель полностью признав вину, указал, что он действительно управлял транспортным средством в состоянии алкогольного опьянения, до этого за аналогичное правонарушение был взят под арест на 20 суток, в содеянном раскаивается.
Постановлением суда правонарушительМ. подвергнут к административному взысканию по ч.7 ст.608 КоАП РК в виде административного ареста сроком на 30 суток.
Пресс-служба
Аральского районного суда