Еліміз бойынша өтіп жатқан референдумнан Қазақстанда тұратын өзге ұлт өкілдері де қалыс қалып жатқан жоқ.Арал қаласында тұратын Молдаван ұлтының өкілі Виктор Чумаш та саяси науханнан шет қалмай, №48 референдум учаскесіне барып өз таңдауын жасады.Қазіргі уақытта Арал ауданында 50 ге жуық өзге ұлт өкілдері тұрады. Олар да өз аумақтары бойынша белгіленген референдум учаскелеріне барып, таңдау жасауда.