Ең жас сайлаушы өз таңдауын жасады
Бүгінгі сайлаудан жалынды жастар да қалыс қалмай таңдау жасауда. Ақеспе елді мекенінде ең жас сайлаушы ретінде тіркелген Әуесханқызы Мереке №33 сайлау учаскесіне барып, дауыс берді.
-«Еліміз үшін бүгінгі сайлаудың маңызы зор. Мен еліміздің келешегі кемел болғанын қалаймын. Тұңғыш рет қатысқан сайлауымда таңдау жасағаныма қуаныштымын. Халық таңдауымен жеңіске жеткен депутаттар мемлекетімізді өркендету үшін жұмыс жасайтынына сенемін, – дейді саяси науқанда алғаш дауыс берген жас сайлаушы.
"Толқын" ақпарат