Астана мен Қызылорда арасында қосымша әуе рейстері ашылады
![](/uploads/posts/2024-10/1728238631_3.jpg)
Әуекомпания 19 қазаннан бастап Астана мен Қызылорда арасында қосымша рейстер ашады. Рейс аптасына бес рет канадалық De-Havilland Dash 8-Q400 ұшағында орындалады.
Сейсенбі, жұма және жексенбі күндері Астанадан Қызылордаға рейс сағат 17:15-те, ал қарсы бағытта 19:40-та ұшады. Дүйсенбіде Астанадан ұшатын рейстер 18:00-де, кері рейс 20:40-та болады.
Бейсенбі күндері ұшақтар Қызылордаға сағат 13:30-да, Астанаға 16:10-да ұшады.
"Ішкі бағыттарды кеңейту өңірлер арасындағы байланысты нығайтуға, экономикалық дамуға және жолаушылар үшін әуе қатынасының қолжетімділігін арттыруға көмектеседі", – деді компания өкілдері.
Сурет: ашы дереккөзден