Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Exit poll: Халықтың 72,3%-ы АЭС құрылысын қолдаған

Exit poll: Халықтың 72,3%-ы АЭС құрылысын қолдаған

Қоғамдық саясат институты сайлаушылар арасында сауалнама жүргізді. Exit poll нәтижесінде қатысушылардың 72,3 пайызы АЭС құрылысын қолдаған.

«Қоғамдық саясат институты барлық өңірде экзит-пул өткізді. Сауалнама барысында 600-жен астам интервьюер мен супервайзерлер жұмыс атқарды. Экзит-пулға 44 160 азамат қатысты, сауалнама 300 дауыс беру учаскесін қамтыды», – деп атап өтті Қоғамдық саясат институтының сарапшысы Медет Өмірзақов «Астана» телеарнасының тікелей эфирінде.

Оның айтуынша, сауалнаманы Exit poll әдістемесі бойынша арнайы оқытылған кәсіби интервьюерлер жүргізген.

«Сауалнама нәтижесінде қатысушылардың 72,3 пайызы Қазақстан АЭС құрысына келісемін деп дауыс берген, ал қарама-қарсы пікірді 27,2 пайызы білдірген», – деді М.Өмірзақов.

Еске салайық, бүгін қазақстандықтар атом электр станциясын салу мәселесі бойынша референдумда дауыс берді.

6 қазанда ел бойынша 10 249 референдум учаскесінде дауыс беру басталды.

1 шілдедегі жағдай бойынша ел көлемінде 12 176 968 адам референдумда дауыс беруге хақылы.

Айта кетейік, 20:00-дегі жағдай бойынша 7 820 918 азамат бюллетень алды. Бұл тізімге енгізілген азаматтардың 63,87 пайызы.

Ақпарат көзі: syrboyi.kz
07 қазан 2024 ж. 76 0