Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аралдық шаруалар да марапат төрінен көрінді

Аралдық шаруалар да марапат төрінен көрінді

Сыр шаруаларының еселі еңбегі "Алтын күз 2024" шарасында ескеріліп, аудан озаттары түрлі марапат төрінен көрінді.
Атап айтар болсақ, "Арал аудандық ветеринариялық станциясы" КМК директоры Қ.Жұмашев ҚР Премьер министрдің Алғыс хатымен марапатталса, "Олжас" шаруа қожалығының төрағасы Д.Көшербаев "Ауыл шаруашылығы саласының үздігі" төсбелгісін алды. "Тұрарбек" шаруа қожалығының төрағасы М.Латипов Қызылорда облысының Құрмет грамотасын иеленді.
"Жақсылық" шаруа қожалығының бақташысы Б.Алпысбаев "Озат бақташы" аталымын алса, "Құланды" шаруа қожалығының түйекеші Қ.Сартаев "Озат түйекеш" номинациясына ие болды.
Сондай-ақ "Озат асыл тұқымды мал өсіретін үздік репродуктор-шаруашылық" номинациясы бойынша" Берекет" шаруа қожалығының төрағасы Н.Жайназаров марапатталды.
Бұл жаздайғы еңбектің лайықты бағасы.
Марапат құтты болсын қадірлі еңбек озаттары!
Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
12 қазан 2024 ж. 129 0