Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Арал ауданы озат аудан атанды

Арал ауданы озат аудан атанды

Кеше облыс орталығында күзгі егін науқаны жұмыстарын қорытындылайтын «Алтын дән-2023» мерекелік шарасы өтті. Онда мал шаруашылығы саласында төрт түлік санының өсу динамикасын қалыптастырған және мал өнімдерін өндіруде жоғары жетістіктерге жеткен Арал ауданы «Озат аудан» номинациясымен марапатталды.
Биылғы жылы Ауыл шаруашылығын дамытудың 2022-2024  арналған Жол картасы бағдарламасына сәйкес атқарылған шаралардың нәтижесінде аудандағы ауыл шаруашылығының көлемі еселеп ұлғайды. Арал ауданы бойынша 2023 жылдың 9 ай қорытындысымен 10,8 млрд.теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 104,5%-ды құрады. Егіс көлемі 200 гектардан 1500 гектарға дейін ұлғайды. Соңғы екі жылда төрт түлік мал басы 12 мыңға өскен.
Бұдан да бөлек, биыл аудан шаруалары үздік жетістіктерге қол жеткізді. Салтанатты шарада ауыл шаруашылығы саласының ардагері Серік Диханов ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Еңбек ардагері» медалін иеленсе, «Жақсылық» шаруа қожалығының төрағасы Ерболат Саяғұлов «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгісін тақты. Ал, «Думан» шаруа қожалығының агрономы Досжан Жарекеев  ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Құрмет грамотасымен» марапатталды.

"Толқын" ақпарат
21 қазан 2023 ж. 270 0