Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Мәжілісте ауданның даму көрсеткіштері мен алдағы міндеттері қаралды

Мәжілісте ауданның даму көрсеткіштері мен алдағы міндеттері қаралды

Аудан әкімі Серік Сермағамбетовтың қатысуымен әкімдік мәжілісі өтті. Онда ауданның 2022 жылғы әлеуметтік - экономикалық даму көрсеткіштері мен бюджеттің атқарылуы туралы және ауыл шаруашылығы саласын дамытудың 2022-2024 жылдарға арналған жол картасының орындалу барысы талқыланды.
Жиында сөз алған ауданның экономика және қаржы бөлімінің басшысы Төлеген Рашев өткен жылы атқарылған жұмыстарды саралады.
«Ауданның 7 макроэкономикалық көрсеткішін 100 пайыздан жоғары деңгейде орындалды. Өнеркәсіп саласында 24,6 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, 123,9 пайызға орындалды. Жыл қорытындысымен аудандағы өнеркәсіптің 70,0 пайызын құрап отырған өңдеу өнеркәсібі саласында 17,1 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, 125,7 пайызға орындалды. Сондай-ақ, 2022 жылы бөлшек сауда көлемі есепті мерзімде 3,2 пайызға, көтерме сауда көлемі 2,4 пайызға артты»,-деді бөлім басшысы Т. Рашев.
Мәжілістегі екінші мәселе ауыл шаруашылығы саласын дамыту бойынша ауданның ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің басшысы Жәнібек Жұбанов бағдарламаның жүзеге асыру барысына тоқталды.
«Жыл көлемінде аянбай атқарылған жұмыстардың арқасында ауыл шаруашылығы саласын дамытудың Жол картасы бойынша бекітілген 30 жобаның бүгінгі күнге 20 жобасы орындалып, ауданға ауыл шаруашылығы саласы бойынша 257,8 млн. теңге көлемінде инвестиция тартылса, 41 адам жаңа және маусымдық жұмыс орындарымен қамтылды. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымы өткен жылмен салыстырғанда 104,2 пайызға артты», деді – Ж.Жұбанов.
Жиынды қорытындылаған аудан әкімі Серік Сағитжанұлы егіс жұмыстары басталғанға дейін қажетті жоғарғы репродукциялы сапалы тұқым қорын дайындауды, аудандағы шаруашылықтардың егіс құрылымын қайта қарап, өңірге бейімделген және суды аз тұтынатын дақылдарды егуді ұйымдастыруды тиісті бөлімдерге тапсырды. Сондай-ақ, аудан басшысы дербес бөлімдер мен қала, кент және ауылдық округ әкімдеріне үстіміздегі жылы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерді арттыру бойынша тиісті шаралар қабылдап, жұмыстарды жандандыру қажеттігін айтты.

"Толқын" ақпарат
01 ақпан 2023 ж. 269 0