Арал ауданына 792 млн. теңге инвестиция тартылды

Аудан әкімінің айтуынша жол картасы бойынша бүгінге күнге 30 жобаның 14 жобасы іске асырылған. Оның 11 жобасы егістік және 3 жобасы мал шаруашылығы мен өндірілетін өнімдер.
«Жыл басынан бері 3,8 млрд.теңгені құрайтын ауыл шаруашылығы өнімдері өндіріліп, көрсеткіш 102,1 пайызға орындалды.
Қазіргі таңда, аудандағы барлық ауыл шаруашылығы құрылымдарында 246 191 бас мал өсірілуде. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда мүйізді ірі қара малы 107,7 пайызға, жылқы 111,3 пайызға, түйе 107,6 пайызға және құс 113,2 пайызға артса, қой мен ешкі 95,1 пайыз болып отыр.
Өңірімізде мал шаруашылығынан алынатын өнім саны да жыл санап көбеюде. Өткен жылмен салыстырғанда ет өндіру (тірілей салмақта сиыр еті) 103,3 пайызға, сүт өндіру 102,1 пайызға, жұмыртқа өндіру 102,2 пайызға орындалды», – деді аудан басшысы.
Айта кетейік, 2021 жылы ауданнан 1 шаруа қожалығы «Сыбаға» бағдарламасымен Ресей мемлекетінен 58 бас «Қалмық» асыл тұқымды ірі қара малын әкелсе, биылғы жылдың қаңтар айында тағы 1 шаруашылық 44 бас асыл тұқымды қазақтың ақбас сиырын алып, асыл тұқымды шаруашылықтар қатарын толықтыруда.
Қазіргі кезде Арал ауданында барлығы 14 шаруашылық (мүйізді ірі қара – 7, жылқы – 4, қой – 2, түйе – 1) асыл тұқымды мал өсіру бойынша жұмыс атқарып келеді.
kyzylorda-news.kz