Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аралда 40 тонна түйе жүні экспортталды

Аралда 40 тонна түйе жүні экспортталды

Арал ауданының әкімі М.Оразбаев өзінің есепті баяндамасында агроөнеркәсіп кешеніндегі жалпы өнім көлемі7,9 млрд теңгені құрап, 2018 жылмен салыстырғанда 102,3 пайызға артқандағын айтты.

Ал өткен жылдың осы кезеңімен  салыстырғанда мүйізді ірі қара 0,1 пайызға, жылқы 10,2 пайызға, түйе 3,7 пайызға, қой мен ешкі 5,2 пайызға өскен.
Бұдан бөлек, Мал және мал өнімдерін экспорттауға байланысты ауданнан «Жаңа-Арал» ЖШС-гі үстіміздегі жылы Қытай еліне 40 тонна түйе жүнін өткізсе, «Арал Талап Агро» ЖШС-гі Өзбекстан еліне 189 бас түйе малын сатқан.
13 ақпан 2020 ж. 1 341 0