Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » БАЙЫПТЫ БАСТАМАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

БАЙЫПТЫ БАСТАМАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

Қамыстыбас ауылдық округінде өткен есепті кездесуде ауыл тұрғындары аудан және ауыл әкімінің 2018 жыл көлемінде атқарған жұмыстары мен алдағы жоспарын тыңдады.Кездесу алдында аудан әкімі кәсіпкерлер өнімдерінің және қолөнер бұйымдарының көрмесімен танысты.
Қамыстыбас ауылдық округінде 2018 жылы ауылшаруашылық жануарлары 2017 жылмен салыстырғанда мүйізді ірі қара 19 пайызға, уақ мал 15 пайызға, жылқы 4 пайызға, түйе 10 пайызға өскен.
Сондай-ақ, «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының» екінші бағыты «Бастау Бизнес» оқыту курсы бойынша 7 адам, «Бизнес Кеңесші» оқыту курсы бойынша 7 адам оқытылды.
Мал шаруашылығын дамыту мақсатында «Арал ырысы» несие серіктестігі арқылы дара кәсіпкер «Скендіров Қазыбек» 2,0 млн.теңге несие алып 7 бас бие, 1 айғыр сатып алды. Жеке кәсіпкер«Сүйендіков Батырхан» «сүтті ешкіні дамыту» жобасын дайындап «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы 850 мың теңге несие алса, дара кәсіпкер «Ағалов Тұрсынбек» халыққа қызмет көрсету мақсатында 6,0 млн.теңге несие алды.
Жеке кәсіпкер «Баекеева Жадырагүл» мүйізді ірі қара малын асылдандыру мақсатында «Арал ырысы» несие серіктестігі арқылы 3,0 млн.теңге несие алды. 
Ауылдық округте 2018 жыл ішінде 8 адам тұрақты жұмысқа тартылды.
Бұдан бөлек, дара кәсіпкер «Дәрібаев Серік» «Арал ырысы» несие серіктестігі арқылы агротехника алу мақсатында 3,2 млн теңге несие алса, дара кәсіпкер «Қалиев Аралбек» өз қаржысы есебінен 53 млн теңгеге кешенді май-газ кұю бекетінің құрылысын жүргізуде.
Қазалы ауданының «Сыр Маржаны» ЖШС 1 гектар жерді аукцион арқылы алып, көлге демалушыларға бірнеше демалыс нысандарын салды. Құрылыс жұмыстарына 10-нан астам жергілікті жұмысшылар тартылса, демалыс аймағында 43 адам маусымдық жұмыспен қамтылды.
Жалпы 2018 жылы жазғы демалыс маусымында демалыс аймағына келушілер саны 25 пайызға өсті.
Ауыз су мәселесі бойынша ішкі су жүйесін жүргізуге облыстық бюджеттен қажетті қаржы бөлініп, жұмыстар толық аяқталды.
Сорбеткей елді мекенінің бастауыш мектебінің электр жарығы қайта жаңартылып қосылды.
Сонымен қатар, ауылдық округте 3 адам "Қамбаш" олимпиадалар және қосымша білім беру орталығына, 2 адам денсаулық сақтау саласына, 1 адам білім саласы бойынша, барлығы 6 адам тұрақты жұмыспен қамтылды.
Есепті кездесуге жиналған жұртшылық ой-пікірлерімен бөлісіп, толғандырып жүрген сұрақтарына толымды жауаптар алды.
22 қаңтар 2019 ж. 1 203 0