Қауіпсіздіктің алдын алу іс-шаралары жылу беру маусымы аяқталғанша жалғасатын болады

– Жылу беру маусымына дайындық кезеңінің басталуына орай облыстағы әлеуметтік аз қамтылған, көп балалы және мүгедектігі бар 5 463 тұрғын үй тізімі нақтыланды. Оларға 15 тамыз бен 15 қыркүйек аралығында өрт қауіпсіздігі шараларын сақтау бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргіздік. Әлеуметтік осал топтардан бөлек, 10 414 тұрғын үй секторын аралау арқылы 34 728 тұрғынға үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, жергілікті бюджет есебінен 160 дана көмірқышқыл газын анықтайтын датчик сатып алынып, 116 данасы әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға орнатылды. Бүгінгі таңда 484 дана датчик сатып алу үшін мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жылу беру маусымы аяқталғанға дейін профилактикалық жұмыстар тұрақты түрде жалғасатын болады,- деді Арман Мамайұлы.
Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі