Өрт қауіпсіздігін сақтап жүрсіз бе?
Өңірде жыл басынан бері өрт қауіпсіздігінің алдын алу мақсатында 813 нысан тексерілді. Тексеру барысында 2029 бұзушылық анықталды. Яғни, өрт қауiпсiздiгi талаптарын бұзған жеке және заңды тұлғаға қатысты әкімшілік іс қозғалып, айыппұл салынды.
kyzylorda-news.kz«Нұсқама талаптарын орындамаған мекемелерге 25 хаттама толтырылып, әкімшілік сотқа жолданды. Оның 20-ына айыппұл салынды. Бесеуінің ісі сот қарауында. Сондай-ақ, департамент қызметкерлері 69 192 тұрғын үй секторына өрт қауіпсіздігін сақтау мақсатында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Тұрғын үй мен пәтерлерде өрттің шығуына негізгі себептер: тұрмыстық электр және газ аспаптарын пайдалану кезінде, пештердің дұрыс орнатылмауы мен қолдану кезіндегі өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуы, мас күйінде темекі тарту салдарынан туындайды»,-деді облыстық ТЖД бастығының орынбасары Саид Молдақараев.