Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » «Парасат елшісі» республикалық байқау өткізіледі

«Парасат елшісі» республикалық байқау өткізіледі

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Жамбыл облысы бойынша департаментімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру мақсатында «Парасат елшісі» республикалық байқау өткізілетіні хабарланады.
Байқау 3 кезеңнен (I кезең – парасаттылық елшілік ету, II кезең –бейнероликтер байқауы және финалдық кезең) тұрады және 2024 жылдың 7 қазан – 29 қараша аралығында өтеді.
Байқаудың мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттыру, жастардың назарын сыбайлас жемқорлық проблемаларына аудару, сонымен қатар қоғамда адалдық, әділдік, парасаттылық қағидаттарын кеңінен насихаттау.
18 қазан 2024 ж. 77 0