Сыбайлас жемқорлықпен күрес
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы облысы бойынша департаменті сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру мақсатында ағымдағы жылы 23 қыркүйектен бастап «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы инновациялық шешімдер» республикалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобалар конкурсы іске қосылғанын хабарлайды.
Конкурстың мақсаты – инновациялық идеяларды, өзекті ғылыми, техникалық және цифрлық шешімдерді әзірлеу және іске асыру мақсатында, азаматтық қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатқа тарту.
Конкурсқа барлық тілек білдіруші адамдар (жеке және заңды тұлғалар), оның ішінде қоғамдастық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатыса алады.
Конкурс мынадай бағыттар бойынша өткізіледі:
- қоғамдық бақылау;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру және зерттеу;
- сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және жою;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы медиа құралдар.
Конкурс екі кезеңнен тұрады: іріктеу, финал.
Іріктеу кезеңі 2024 жылғы 23 қыркүйектен 20 қарашаға дейін өткізіледі.
Конкурстың финалдық кезеңі 2024 жылды 29 қарашасында Қонаев қаласында өтеді.
Конкурс қорытындысы бойынша үздік жобалардың авторлары ақшалай сыйлықтармен марапатталатын, сондай-ақ үздік жобаларды іске асыру үшін қаржылық-техникалық қолдау көрсетілетін болады.
Конкурсқа қатысу үшін өтінімдер беру 2024 жылы 20 қарашаға дейінгі мерзімде kongressmen550@gmail.com электрондық пошта арқылы жүзеге асырылады.
Конкурсқа қатысу мәселелері бойынша қосымша ақпаратты
8 (705) 727 40 00, 8 (707) 280 29 23 телефон арқылы алуға болады.