Жерлесіміз Жандос Құлмановқа "Ерен еңбегі үшін" медалі табысталды

Аймақ басшысы өңірдің саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан сала мамандары мен ардагерлеріне мемлекеттік наградаларды табыс етті.
Жиында «Ақбасты» балықшылар өндірістік кооперативінің төрағасы, балық шаруашылығы саласының ардагері Жандос Темірғалиұлы Құлманов аудандағы ата кәсіп, балық шаруашылығының дамуына қосқан үлесі үшін «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.
Басқосуда облыс әкімі өңірдің әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштеріне тоқталып, баршы Сыр жұртшылығын ұлттық мереке Республика күнімен құттықтады.
Айта кетейік Жандос Темірғалиұлы еңбек жолын 1995-1998 жылдары Құланды жылқы заводында жылқышы болып бастаған. 2000 жылдан бастап, балық шаруашылығы саласымен айналысып, 2007 жылдан бастап, кіші Арал теңізінің №1 учаскесінің табиғат пайдаланушысы болып келеді. Ол жұмысына өте жауапты жан ретінде ел эконмикасының дамуына елеулі үлесін қосып келеді. Қарамағында 50 ге жуық жас балықшыларды кәсіби маман ретінде дайындауда.
Кеден одағының «Экономика мақтанышы», ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Балық шаруашылығының мінсіз қызметі үшін» және «Ауылшаруашылығының үздігі» төсбелгілерінің иегері.
"Толқын" ақпарат