Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі жеке қабылдау өткізді

Аудан әкімі жеке қабылдау өткізді

Кеше аудан әкімі Аманжол Оңғарбаев кезектілік тәртібімен жазылған азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Қабылдауға келген тұрғындар аудан басшысына өздерінің алаңдатқан талап-тілектерін қозғап, оң шешiмiн табуына ықпал жасауды сұрады.

Келушілердің дені тұрақты жұмысқа орналасу, тұрғын үй және әлеуметтік мәселелер бойынша жүгінді.

Қабылдау барысында аудан әкімі әрбір тұрғынның мәселесіне жеке тоқталып, заңдылыққа сәйкес түсіндіріп өтті.

Сонымен бірге, жұмыс сұраушыларға бүгінгі таңда аудан бойынша бос жұмыс орындарын ұсына отырып, мәселесін шешу үшін тиісті сала басшысына тапсырмалар жүктеді.

Мұнымен қоса, өзге де келген азаматтардың арыз-шағымдары мен ұсыныстары бойынша жауапты сала басшыларына мүмкіндіктерді қарастыра отырып, заң аясында шешу қажеттігін тапсырды.

Арал ауданы әкімінің баспасөз қызметі 
31 қазан 2024 ж. 110 0