АСТАНАНЫ НҰРСҰЛТАН ЕТУГЕ ҚАНША АҚША ЖҰМСАЛАДЫ

Дәленовтың айтуынша, атауды өзгертуге жұмсалатын сома әлі есептелген жоқ.
– Оны нақты санаған жоқпыз әлі, бірақ бәрі бюджетте бар ақшаның есебінен қаржыландырылады деп ойлаймын. Одан аспауы керек, – деп түсіндірді ол.Сол бұл мәселе "бірден жүзеге аспайды" деді.
– Түсінесіз ғой, егер атауды өзгерту туралы айтсақ, бұл бірден жүзеге асатын нәрсе емес. Құжаттар, тақтайша-маңдайшаларды меңзеп тұрсаңыз, оның бәрі жоспарлы түрде жүргізіледі, – деді министр.