Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР БОЗ КІЛЕМДЕ БАҚ СЫНАДЫ

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР БОЗ КІЛЕМДЕ БАҚ СЫНАДЫ

Денені ширатып, бұлшық еттерді қатайтатын, төзімділікке, батылдыққа, ептілікке, тез ойланып, әдіс таба білуге машықтандыратын қазақ күресінің халқымыз үшін қашан да маңызы зор. 
Бүгін аудан әкімінің жүлдесі үшін Ұлыстың Ұлы күніне орай ұйымдастарылған мемлекеттік қызметшілер  арасындағы «Мемлекеттік қызметшілер Барысы» өз мәресіне жетті.
 
Үнемі жұмыс үстелінде, компьютер алдында қағазбен жұмыс жасап жүрген мемлекеттік қызметшілер боз кілемде бақ сынасып, өздерін жаңа қырынан көрсетті.
 
Тартысты өткен жарыс нәтижесі бойынша жүлделі І орынды жеңіп алған аудан әкімі аппаратының мемлекеттік құқықтық жұмыстар бөлімінің бас маманы Нақылов Ержанға аудан әкімі Мұхтар Оразбаев «Мемлекеттік қызметшілер Барысы» белдігін және  арнайы диплом мен  кубокті табыстады.
 
Жүлделі ІІ орынды Аралқұм ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Әбдіхалықов Жұбатқан, ІІІ орынды аудан әкімінің көмекшісі Жиеналиев Әділжан иеленді.
aral.gov.kz
20 наурыз 2019 ж. 893 0