Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Арал мәселесін көтерді

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Арал мәселесін көтерді

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты М.Жайымбетов Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалинге және Су ресурстары және ирригация министрлігінің өкіліне сұрақ қойды. 
Бірінші сұрақ Солтүстік Арал теңізінің екі деңгейлі нұсқасына қатысты болды. 
Екінші сұрақ. Балық шаруашылығына қатысты.
Кіші Арал теңізінің суының тұздылығының өсуіне байланысты онда жоғарғы тұздылықта уылдырық шашып өмір сүре алатын балықтарды жерсіндіру керек. Ол балықтар камбала-глосса, камбала-калкан және пиленгас.
Сондай-ақ судың мөлшері азайған сайын пропорционально балық аулау лимиті де өзгеріп отыру қажет.
Бізде балық шаруашылығының ғылыми өндіріс орталығы бар. Солардың берген қорытындылары мен мәліметтерін есепке алынып отыру қажет.
Үшінші сұрақ. Броконерлердің ұстаған балығын цехтардағы холодильникке қойып қояды. 
Оның сот және бағасын шығарамын дегенше біразға созылып кетеді. 
Созбалаңнан кейін тонналап жатырған балықтар жарамсыз болып қалады. Далаға кетеді. 
Ал, сол сот процесстері тағы басқасына бюджеттен қаражат бөлінеді. 
Жеке пікірім балық тәркіленді ма бірден сол өңірдегі заутпен келісе отырып, бағасын шығарып сату қажет. Далаға кетірмей. Әйтпесе шіріген, жарамсыз балықты ешкім алмайды. Не бюджет ақшасы жоқ. Не балық жоқ, – деді халық қалаулысы.
Сұрақтың бейнежазбасы осы сілтемеден көре аласыздар.
20 қараша 2024 ж. 91 0