Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аралда 2259 тонна балық өнімдері экспортқа шығарылды

Аралда 2259 тонна балық өнімдері экспортқа шығарылды

tolqyn.kz Бүгінгі күні, ауданда балық шаруашылығы саласының қарқынды дамыды деп айтуға толық негіз бар. Өйткені балық шаруашылығы, өңірдің экономикасының дамуына және халықтың әлеуметтік жағдайының жақсаруына, оларды жұмыспен қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарып отыр. Себебі, Арал теңізі мен Сырдария өзенінің жағасында тұратын жергілікті халықтың  өмірі мен тұрмысы балық ауламен тығыз байланысты. Бәрімізге белгілі, өткен ғасырдың 60-шы жылдары Сыр өңірі балық шаруашылығының дамуы бойынша республикада алдыңғы қатарда болды. Жылына 55-60 мың.тоннаға дейін балық ауланды.
Алайда, Арал теңізінің тартылуы, 80-шы жылдардан бастап балық шаруашылығы саласы тоқырауға ұшыратты. Теңіз суының тұздылығы 30 мгр/л дейін өсіп, балық аулау мүлдем тоқтайтын деңгейге жетті. Ондаған балық өңдейтін кәсіпорындар мен балық аулайтын шаруашылықтар жабылды. Осының салдарынан балықшылар басқа өңірлерге көшуге мәжбүр болды. Салыстырмалы түрде айтатын болсақ, 2000 жылы Солтүстік Арал теңізінен бар-жоғы 400 тонна балықтың бір-ақ түрі, камбала глосса балығы ауланған.
Дер кезінде қабылданған шешімнің арқасында «САРАТС» жобасы саланың дамуына серпін берді. Қазірде Арал халқының ата кәсібіне айналған балық шаруашылығы жыл санап дамып келеді. Балық шаруашылығының өркен жаюуы халық тұрмысыныңда түзелуіне оң ықалын тигізуде. Ауданда жылдық қуаттылығы 23 900 тоннадан асатын 9 балық өңдеу зауыттары жұмыс істейді. Оның 5-еуі балықты тереңінен өңдейтін болса, қалған 4-еуі балықты қатыру, мұздату және ыстау сияқты өңдеумен айналысады.
Аудан аумағында балық шаруашылығы маңызы бар Кіші Арал теңізінің 18 учаскесі, Сырдария өзені және 20 көл бар.
Осы теңіздің 18 учаскесімен 20 көлдің 17 көлін табиғат пайдаланушыларға ұзақ мерзімге берілген, 3 көліміз резервте.
Кіші Арал теңізінде балықтың 19 түрі мекендейді, кәсіпшілік балық аулау мақсатында балықтың 17 түрі ауланады.
Балық аулау кезеңі ағымдағы жылдың 1 шілдесінен келесі жылдың 1 шілдесіне дейін есепке алынады, сондықтан  2022 жылдан 2023 жылға дейін, Кіші Арал теңізінен 6924 тонна, Қамыстыбас және Ақшатау көлдер жүйесіне 477 тонна, сонда аудан бойынша барлық лимит 7401 тонна болып бекітілген. Ауланған балық 01.11.2022 жылға 1002 тн болса, өңделген балық 3518 тонна.
Балық өңдеу зауыттары:
Атап өту қажет, ауданда Еуропа нарығына шығуға мүмкіндік беретін Еврокод белгісі тек екі кәсіпорында бар.
Атап айтқанда, «Арал балық өңдеу зауыты» және «Арал сервистік дайындау орталығы» ЖШС-гі балық өңдеу зауыттары.
Балық экспорты:
Арал аудандық ауыл шаруашылық бөлімінің соңғы мәліметі бойынша 2259 тонна балық өнімдері экспортқа шығарылды, оның ішінде (Ресейге – 1380 тн, Польша – 181 тн, Литва – 197 тн, Әзербайджан – 60 тн, Германия – 327 тн, Грузия – 280 тн, Нидерланды – 50 тн, Венгрия – 32 тн, Голландия – 17, Прага – 35 тн аудандағы негізгі экспорттаушы кәсіпорындар "Арал СДО" ЖШС, "Agrofish 2020" ЖШС, "Қарашалаң СДО" ЖШС, ЖК "Караев Жамбыл" ЖК "Кошкарбаев С", ЖК "Мырзагазиев Ж" шығарып отыр.
Қосжар ауылдық округінде орналасқан Қамыстыбас балық питомнигі мен оның Тастақ бөлімшесінде балық өсіруге арналған арнайы инкубациялық цехтары бар. Оның 1-еуі гуманитарлық көмек арқылы Израильден әкелініп құралдарымен жабдықталған. Облыс көлемінде табиғи су айдындарының балық қорын көбейту мақсатында республикалық бюджеттен жыл сайын Кіші Арал теңізіне және Ақшатау көлдер жүйесімен Приморский, Қамыстыбас көлдер жүйесіне осы «Қамыстыбас балық питомнигі» РМКҚ арқылы 14 млн 800 мың дана майда бір жылғы шабақтар және 420 мың екі жылғы шабақтар жіберіліп өсірілуде.
Балық шаруашылғының дамуы теңіз маржанын сүзіп, напақа тауып отырған несібесін молайтып, ырысын өсіруде. Жастардың балық өнімдерін алуан түрі етіп өңдеп өз кәсіптерін дамытуына да септігін тигізіп отыр.
01 желтоқсан 2022 ж. 661 0