ҮЙІРМЕ ОРТАЛЫҚТАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ САРАЛАНДЫ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылғы Жолдауында өскелең ұрпақтың спорттық және шығармашылық әлеуетіне баса назар аудару қажеттігін айтып, әр облыста, ірі аудан орталықтарында спорт үйірмелерін ашуды тапсырған болатын. Нәтижесінде қазақстандық жасөспірімдердің кез келген жерден өзіне ұнайтын спортпен айналысуына мүмкіндік ашылды. Алайда бұл бағыттағы жұмыстарда сыбайлас жемқорлық деректері тіркелді. Мәселеге үңілген аймақ басшысы саладағы кемшіліктерді қатаң айыптап, бұл бойынша лайықты тексеру жұмыстарын жүргізу керектігін атап өткен болатын. Осы бағыттағы жұмыстарды саралаған облыс әкімінің орынбасары Қайрат Ырзақұлұлы бүгін ауданда болып, аудан әкімінің орынбасары Н.Бохаевпен бірге қаладағы бірқатар үйірме орталықтарын аралап жұмысымен танысты.
Алдымен жеке кәсіпкер М.Махановтың «Айсәуле» үйірме орталығына барды. Бұл кәсіпкер екі мекен-жайда үйірме орталығын ашып, жұмыс жүргізіп отыр. Облыс әкімінің орынбасары орталық жұмысына қанығып, барлық жұмыстар заң шеңберінде талапқа сай жүргізілуі тиіс екенін атап өтті.
Мұнан соң «Dostar Aral» таэквондо спорт үйірмесінде болды. Жеке кәсіпкер әрі жаттықтырушы М.Исмаиловпен тілдесіп, орталыққа келетін бала санын нақтылауды тапсырды. Сондай-ақ спорттық үйірме болғандықтан барлық техникалық және санитарлық талаптардың қатаң сақталуы маңызды екенін айтты.
Облыс әкімінің орынбасары Қ.Нұртай «Айымжан» үстел теннисі спорт үйірмесі орталығында болды. Кәсіпкер А.Байтубетовпен тілдесіп, мұндай орталықтардың баланың қимыл-қозғалысын шыңдауға, шынықтыруға пайдасы зор екенін айтып, жұмысына сәттілік тіледі.
Қалада жұмыс жасап жатқан орталықтардың бірі «Мұрагер» спорттық би үйірмесі. Ғимараттың санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкес келмейтіндігі байқалады. Мұнда сонымен қатар қосымша домбыра және вокал үйірмелері жұмыс жасайды. Облыс әкімінің орынбасары орталық жұмысымен танысып, талаптар қатаң сақталуы керектігін атап өтті.
Артынша осы АРТ спорт саласы бойынша аудан әкімдігінің мәжіліс залында арнайы жиын өтті. Оған аудан әкімі А.Оңғарбаев төрағалық етіп, сала бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға тоқталып, бақылау жұмыстары ұдайы жүргізіліп келе жатқанын атап өтті. Облыс әкімінің орынбасары Қ.Нұртай үйірмелердің жұмысымен танысу барысында ауданда бұл бағыттағы жұмыстардың өз деңгейінде жүргізіліп жатқанын айтып, ең алдымен балалардың үйірмеден нақты нәтижеге қол жеткізуі маңызды екенін атап өтті.
Бүгінде ауданда АРТ спорт «Даму» бағдарламасы бойынша облыстық басқармалар арқылы 4 өнім беруші тіркелген. Бүгінде кәсіпкерлер 5 нысанда түрлі үйірмелер бойынша балаларды қамтып отыр.