Қызылорда облысында балаларға арналған 854 үйірме жұмыс істейді

Ол аймақтағы 173 мәдениет үйінде 854 үйірме барын жеткізді. Жолдау аясында үйірме санын 1000-ға, қатысушылардың санын 11 500-ге жеткізу жоспарда барын айтты.
kyzylorda-news.kz«Президент Жолдауында спорт және дене тәрбиесін дамытуға басымдық бере отырып, әр облыста, ірі қалалар мен аудан орталықтарында спорт үйірмелерін ашу керектігін атап өтті. Қазірде Қызылорда облысында 21 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі жұмыс істейді. Онда 20 147 оқушы спортпен тегін айналысады. Соңғы екі жылда аймақта 16 спорт кешені пайдалануға берілді. Ал, биыл мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жоспарланған 12 жобаның бесеуі іске қосылды», – дейді облыс әкімінің орынбасары.