АЙМАҚ БАСШЫСЫ МАЖАРСТАННЫҢ БАС КОНСУЛЫМЕН КЕЗДЕСТІ

«Кейінгі уақытта аймақта мал және құс шаруашылығы өркендеп, жемге деген қажеттілік артып келеді. Өткен жылы қуаттылығы 1,5 мың тонна болатын құс фабрикасы іске қосылды, сүт және сүт өнімдерін өндіретін 7 кәсіпорын жұмыс жасауда. Мұнан бөлек, қуаттылығы 3 мың тонна құс фабрикасы, сүт фермасы және құрғақ түйе сүтін өндіретін зауыт салынуда. Облыста екі миллионнан астам мал басы тіркелген, көрші Түркістан облысында 10 миллион, Ақтөбе облысында 2 миллиондай бас мал бар. Жалпы алғанда, үш өңірдің нарығын қамтуға және тиімді логистика арқылы шетелге экспорттауға мүмкіндік туады. Өңірімізде жаңа жобаларды орналастыру үшін 6 индустриялық аймақ құрылғанын және дамыған инфрақұрылымы бар 300 гектардан астам жер телімі дайындалғанын атап өткім келеді. Біз жаңа серіктестермен ашық және сенімді қатынас орнатуға әрдайым дайынбыз!», – деді Нұрлыбек Машбекұлы.
Өз кезегінде бас консул аймақ басшысына алғысын білдіріп, тиімді әріптестік орнатуға ынталы екенін айтты.
Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі