Республикалық білім бәсекесінде Сыр дарындары топ жарды

– Білім бәйгесінің республикалық кезеңіне өңірімізден 40 оқушы қатысты. 26-30 қараша аралығында Астана қаласында олимпиаданың жаратылыстану-математикалық бағыты бойынша республикалық кезеңі өткізілді. Бағы жанған 25 оқушы жүлделі орындарға ие болды. Алтын медаль – 7 оқушы, Күміс медаль – 10 оқушы, Қола медаль – 8 оқушы, Алғыс хатпен – 4 оқушы марапатталды. Қазалы ауданы №249 мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы, химия пәнінен алтын медаль иегері Әдiлбек Анель және Жалағаш ауданындағы №201 мектеп-лицейдің 11 сынып оқушысы Тұрсынбек Азамат физика пәнінен алтын медаль алып, Сүлеймен Демирель Университетінің білім грантын жеңіп алды. Сыр елінің мерейін асырған басқа да оқушыларымыз жүлделі орындар алып, өз білімдерін дәлелдеді, – деді Баян Бақытжанқызы.
Ақпарат көзі: syrboyi.kz
Сурет: syr-media.kz