5 желтоқсан – Халықаралық волонтерлер күні

Еріктілер – бос уақыттарын қоғам игілігі үшін жұмсайтын адамдар тобы. Ақысыз қызмет етушілердің жұмысын әрбір саладан түрлі бағытта көруге болады.
Мәселен, мұндай адамдар қоғамдық аумақтарды тазалауға, әлеуметтік компаниялардың плакаттары мен кітапшаларын таратуға, туған қалалары бойынша экскурсия жүргізуге, халықаралық спорттық шараларда аудармашылық қызметке дайын.
Сонымен қатар, еріктілер көбінесе балалар және қарттар үйіне қолғабыс етіп, апаттық жағайлардың салдарын жою жұмыстарына қатысады.
Ақпарат көзі: turkystan.kz.
Сурет: ашық дереккөзден алынды