Нұрсұлтан Назарбаев өз кеңсесінде тағайындаулар жүргізді

Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті – Елбасының шешімімен Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары тағайындалды:
Айдос Ыдырысұлы Үкібай – Елбасының баспасөз хатшысы;
Арслан Момышұлы Дандыбаев – Елбасы Протоколының басшысы;
Нұрлан Мұхтарбекұлы Ыбыраим – Ұйымдастыру жұмыстары бөлімінің меңгерушісі;
Нұрлан Жамбылханұлы Қаймолдаев – Құжаттама, қаржы және кадрмен қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі;
Асқар Мәуленұлы Молдағаринов – Елбасы Кеңсесі Басшысы Хатшылығының меңгерушісі;
Елдар Серікұлы Томашов – Елбасы Көмекшісі Хатшылығының меңгерушісі.