Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Күн тәртібі нақтыланды

Күн тәртібі нақтыланды

Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығы­мен бюро өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.

Бірінші оқылымда Мәжіліс депутаттарына денсаулық сақтау саласындағы нормалардың артық заңнамалық регламенттелуін болғызбау мәселелері бойынша заңнамалық өзгерістерді талқылау ұсынылады. Атап айтқанда, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекс деңгейінде уәкілетті органның нұсқаулықтар, алгоритм­дер мен регламенттерді, мамандықтар номенклатурасын, қызметкерлер лауазымдарының біліктілік сипаттамаларын, денсаулық сақтау саласындағы көрсеткіштерді қалыптастыру әдістемесін әзірлеу және бекітуге қатысты өкілеттіктері мен басқа да бірқатар норма алынып тасталады.

Мәжілістің жалпы отырысының күн тәртібіне түркітіл­дес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесін құру туралы Нахчыван келісіміне өзгерістер енгізу туралы және Еура­зиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің арасында кедендік әкелу баждарының сомаларын аударуға қатысты бөлікте өзгерістер енгізу туралы хаттамаларды ратификациялау туралы заң жобалары да енгізілген.

Сондай-ақ депутаттар аңшылық саласы және жануарлар дүниесін сақтау жөніндегі жаңа заң жобаларын жұмысқа алады.

Ақпарат көзі: egemen.kz
Сурет: ашық дереккөзден алынды 
24 желтоқсан 2024 ж. 138 0