Арал қаласында 150 отбасы баспаналы болды
![](/uploads/posts/2025-01/medium/1736086672_1.jpg)
![](/uploads/posts/2025-01/medium/1736086655_6.jpg)
Өңір басшысы жиналған қауымды Жаңа жылмен, жаңа пәтер иелерін қоныстоймен құттықтап, әлеуметтік-экономикалық дамудағы, құрылыс, инфрақұрылым салаларындағы жетістіктерді атап өтті.
«Баршаңызға Жаңа жыл құтты болсын! Президентіміздің, Үкіметтің ерекше қолдауының арқасында бүгінгі күні облысымыздың бюджеті 750 млрд теңгеге жетті. Барлық салада көрсеткіштердің оң динамикасы қалыптасты. Өңіріміз негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша республикада алғашқы орында.
Үкімет басшысы облысымызға жұмыс сапары кезінде жүзеге асырылған жобаларға оң бағасын беріп, құрылыс, «Ауыл аманаты» бағдарламаларын іске асыру тәжірибесін республикаға кеңінен таратуды тапсырды.
Мемлекет басшысының, Үкіметтің қолдауымен аймағымыз қарқынды құрылыс алаңына айналды. Облыста 133 млрд. 400 млн теңгеге 187 жобаның құрылысы жүргізілуде. Бұл – қолға алынған жұмыстарымыздың бір бөлігі ғана. Алдағы уақытта елдің игілігі мен балаларымыздың болашағы үшін жасалатын ауқымды жобалар жалғасын табады. Қасиетті Сыр өңірі өркендеп, көркейе берсін! Еліміз еңселі, Тәуелсіздігіміз мәңгілік болғай!», – деді Нұрлыбек Нәлібаев.![](/uploads/posts/2025-01/medium/1736086712_2.jpg)
![](/uploads/posts/2025-01/medium/1736086712_2.jpg)
Іс-шарада ел бірлігін бекемдеуге үлес қосқан аға буын ардагерлер мен жаңа тұрғын үйлерді сапалы етіп салып, ел игілігіне табыстаған құрылысшылар марапатталды. Мәжіліс депутаты Мархабат Жайымбетов қоныстой иелерін құттықтап, Қызылорда облысының Құрметті азаматы Биғали Каюпов батасын берді.
![](/uploads/posts/2025-01/medium/1736086838_10.jpg)
Аудан халқына «көгілдір отын» жеткізуде құны 5 млрд. 200 млн. теңге болатын «Қамыстыбас» автоматтандырылған газ тарату стансасының құрылысы басталды.
![](/uploads/posts/2025-01/medium/1736087125_3.jpg)
![](/uploads/posts/2025-01/medium/1736086875_9.jpg)
![](/uploads/posts/2025-01/medium/1736086679_4.jpg)
![](/uploads/posts/2025-01/medium/1736086754_5.jpg)
![](/uploads/posts/2025-01/medium/1736086783_7.jpg)
![](/uploads/posts/2025-01/medium/1736086765_8.jpg)
![](/uploads/posts/2025-01/medium/1736086968_12.jpg)
![](/uploads/posts/2025-01/medium/1736086969_15.jpg)
![](/uploads/posts/2025-01/medium/1736087003_13.jpg)