"Сенбеймін": Апатқа ұшыраған тікұшақ ішінде Алпамыс Шәрімовтің досы болған

"Бүгін құлаған тікұшақта менің ауылдасым, көрші ағам, бір үйде бір нанды бөлісіп жеп өскен бауырым капитан Сырым Масалим болыпты. Жүрегім езіліп отыр", - деп жазды Алпамыс Шәрімов.Естеріңізге сала кетейік, 27 наурызда Қызылорда облысы, Жалағаш ауданында бортында 13 адам бар тікұшақтың апатқа ұшырғаны хабарланды.
Сондай-ақ, әуе кемесі ішінде болған азаматтардың аты-жөні анықталды. Ал бүгін таңерте, Қорғаныс министрлігі мәлімдеме жасап, тікұшақта болған 13 адамның барлығы қаза тапқанын хабарлады.