Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Республикалық акция аясында оқушылармен кездесу өтті

Республикалық акция аясында оқушылармен кездесу өтті

Kyzylorda-news.kz Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Қуаныш Ахметқалиев Бесарық ауылына барып, ұстаздар және мектеп оқушыларымен кездесті.
Алдымен, департамент басшысы елді мекендегі жаңадан салынған спорт кешені жұмысымен танысты. Сырдария ауданының әкімі Берік Сәрменбаев және Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Ерлан Төрәлиев спорттық нысанның жұмыс барысы туралы айтты.
Республикалық «Тәртіпті өзіңнен баста» акциясы аясындағы кездесуде департамент басшысы Қуаныш Ахметқалиев жемқорлықтың алдын алу және жолын кесу шаралары туралы ақпарат беріп, сыбайластыққа қатысты жауапкершілік күшейтіліп жатқанын жеткізді. Жастар сапалы білім алса, жемқорлыққа жол берілмейтінін атап өтті.
Өз кезегінде сала ардагері Бақытжан Ниязов республика көлемінде «Заң мен тәртіп» қағидаты негізінде «Тәртіпті өзіңнен баста» акциясы жүргізіліліп жатқанын, оның мақсаты – азаматтарды жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтауға ынталандыру және мемлекеттік органдарға деген сенімді арттыру екеніне тоқталды.
Кездесу барысында аудан басшысы жемқорлықпен қоғам болып күресу керектігін атады.
– Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес – ең өзекті мәселелердің бірі. Барлық күш-жігерімізді біріктіріп, қоғам дертімен күресуіміз қажет. Сондықтан барлығыңызды жұмыла жұмыс жасауға шақырамын, - деді Берік Әбдіғаппарұлы.
Кездесуде оқушылардың сұрақтарына жауап беріп, естелік суретке түсті.

Фото: Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі
30 қаңтар 2025 ж. 33 0