Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудандық партия филиалында фракция отырысы болып өтті

Аудандық партия филиалында фракция отырысы болып өтті

Бүгін «AMANAT» партиясы Арал аудандық филиалы мәжіліс залында фракция отырысы өтті.
Фракция отырысына партия филиалының төрағасы, аудандық мәслихат төрағасы Төреахметов Базарбай Шөменұлы және фракция мүшелері қатысты.
Отырысты фракция жетекшісі Жангүшікова Шарбану Байділдақызы ашып жүргізді.
Күн тәртібіне сай бір мәселе қаралды:
««AMANAT» партиясының атынан ұсынылған, Арал қаласы әкімінің 2024 жылғы атқарған және алдағы уақытта атқаратын жұмыстарының есебі туралы»
Күн тәртібіндегі бірінші мәселеге байланысты Арал қаласының әкімі Ұзақов Батыржан Жансерікұлының хабарламасы тыңдалып, 2025 жылға арналған жұмыс жоспарына бірқатар іс-шара енгізу жөнінде ұсыныстар айтылды.
Фракция отырысының күн тәртібіне енгізілген мәселе толығымен қаралып, тиісті қаулы қабылданды.

Арал қаласы әкімдігі
11 ақпан 2025 ж. 104 0