Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Еңбек құқығының қорғалуы аса маңызды

Еңбек құқығының қорғалуы аса маңызды

Есепті мерзімде мемлекеттік еңбек инспекторларының қарауына жеке және заңды тұлғалардан 1403 өтініш түскен. Оның 310 қанағаттандырылса, 431 өтініш қарау реттілігімен басқа органға жолданған. Ал 662 өтінішке заңнама талаптарына сәйкес жауаптар берілді. Өтініштерді қарау тәртібі мен мерзімдерін бұзу деректері орын алған жоқ. Мемлекеттік еңбек инспекторларымен жалпы жүргізілген 223 тексеру нәтижесімен 162 нұсқама берілді. Бұл туралы мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы Болат Досымов баяндады.

- Негізгі бұзушылық түрлері – жалақыны немесе басқада төлемдерді уақытылы төлемеу, еңбек шарты тоқтатылған кезде төленуге жататын төлемдердің жүргізілмеуі, еңбек жағдайлары өзгеру тәртібін сақтамау және басқа да бұзушылықтар. Жүргізілген тексерулер нәтижесімен еңбек заңнамасы талаптарын бұзған тұлғаларға қатысты 220 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалып, 79 тұлғаға «ескерту» түріндегі жаза қолданылып, айыппұл салынды. Қызылорда облысы бойынша Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіндегі 4773 кәсіпорынның 4400 -не еңбек шарттары енгізілген,- деді Болат Бекайдарұлы.


Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

13 ақпан 2025 ж. 54 0