Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қасым-Жомарт Тоқаев: "Оралман" деген сөзге мен қарсымын

Қасым-Жомарт Тоқаев: "Оралман" деген сөзге мен қарсымын

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев эксклюзивті сұхбат берді. Тоқаев "Айқын" және "Егемен Қазақстан" газеттеріне берген сұхбатында оралмандар туралы өз пікірін білдірді.

"Шетел­дегі қандастарымызды («оралман» деген сөзге мен қарсымын) Ата­ме­кенге қайтару ісі ешқашан на­зар­дан тыс қалған емес, қалмайды да. Әлемнің түкпір-түкпіріндегі қан­дастарымыздың басын туған жерде біріктіру – біздің парызымыз. Елбасы әлеуметтік әділетті мемлекет құру бағытында орасан зор жұмыс атқарды. Биылғы Жастар жылының ашылуы және Nur Otan партиясының ХVIII съе­зінде берген бес әлеуметтік бас­тамасы мен тапсырмалары кешенді жүзеге асырылатын болады. Мен бюджет саласының төмен жалақы алатын қызмет­керлерінің еңбек­ақы­ларын бір ай бұрын – 1 мау­сымнан бастап өсіруді тапсырдым. Аталған шара миллионнан астам қызметкердің өміріне оң ықпал ететін болады", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
kaz.caravan.kz
02 сәуір 2019 ж. 1 261 0