Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Руханият" орталығының құрылыс жұмысымен танысты

"Руханият" орталығының құрылыс жұмысымен танысты

Бүгін аудандық мәслихаттың және "AMANAT" партиясы Арал аудандық филиалының төрағасы Төрахметов Базарбай Шөменұлы,  партия филиалының Атқарушы хатшысы Қанатов Талғат Мырзағұлұлы мен Партиялық бақылау комиссиясының төрайымы Ембергенова Нұрсауле Сайлауқызы, «Руханият»  орталығының құрылыс жұмыстарымен танысты.
Бұл орталық - музей, кітапхана, мұрағат, неке қию залы, ардагерлер және аналар, жастар бас қосатын рухани орталыққа айналмақ.
Мердігер компания өкілдерімен кездескен Базарбай Шөменұлы құрылыс жұмысын бағамдап, өз бағасын берді. Құрылыс сапасын, бөлінген қаражаттың тиімді игерілуін назарда болу қажеттігін айтып, жұмысшыларға сәттілік тіледі.
#AMANAT
#KPK
#мониторингAMANAТ
20 ақпан 2025 ж. 50 0