Егін алқаптары ұлғайып, су үнемдеу технологиялары дамуда

- Аймақта жыл сайын егін алқаптары ұлғайып келеді. Өткен жылы 189,4 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. Ал, негізгі дақыл - күріштің көлемі 85,6 мың гектарды құрады. Өткен жылы Мемлекет басшысының қолдауымен және Үкіметпен дер кезінде жүргізілген келіссөздер нәтижесінде, егіс алқаптары сумен толық қамтамасыз етіліп, су тапшылығы орын алған жоқ. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, су үнемдеу технологияларын пайдаланып егілген егіс көлемі 4,4 мың гектарға жеткізілді. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда 3,5 мың гектарға немесе 5 есеге артты. Осы орайда суды үнемдеу және егісті әртараптандыру мақсатында өңірде 5 мың гектарға су үнемдеу әдісімен жүгері, малазықтық дақылдар егу бойынша 3 ірі инвестициялық жобалар іске асырылуда,-деді, Бахыт Дүйсенұлы.