Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Партиялық бақылау комиссиясының отырысы өтті

Партиялық бақылау комиссиясының отырысы өтті

Бүгін «AMANAT» партиясы Арал аудандық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының кезекті отырысы өтті.
Жиынға аудандық мәслихат және “AMANAT” партиясы Арал аудандық филиалының төрағасы Төреахметов Базарбай Шөменұлы, Атқарушы хатшысы Т.Қанатов, партиялық бақылау комиссиясының төрайымы Ембергенова Нұрсауле Сайлауқызы комиссия мүшелері қатысты.
Отырыстың күн тәртібінде 2 мәселе қаралды.
I. Инклюзивті білім беру бағытында ауданымызда атқарылып жатқан жұмыстар туралы;
II. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдардың тұрмыстық және санитарлық жағдайы туралы;
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша Арал аудандық білім бөлімінің әдіскері Жакебаев Амангелді Танатарұлының, екінші мәселе бойынша Арал аудандық білім бөлімінің бас маманы Құдайбергенова Алияның хабарламалары тыңдалды .
Сондай ақ, күн тәртібіндегі мәселелер бойынша нақты іс-шаралармен, шешімдер қабылданып тиісті ұсыныстар берілді.
#AMANAT
27 ақпан 2025 ж. 55 0