Қытайлық компаниялармен екіжақты келісімге қол қойылды


Аймақ басшысы облыс әкімдігі тарапынан тиісті қолдау көрсетілетінін айтып, Қытай компанияларын бірлесіп жұмыс жасауға шақырды.
«Қызылорда облысында минералды шикізат ресурстарының, атап айтқанда мұнай, газ, полиметалл және уран қоры мол. Тау-кен металлургия саласындағы ерекше назар аударатын жобалардың бірі «Шалқия Цинк LTD» акционерлік қоғамының полиметалл кен орындарын игеру бойынша арнайы ұсынысымыз бар. Бүгінгі кездесуге компания директоры Асқар Тлеулин мырза да арнайы қатысуда. «Шалқия Цинк» жобасы бойынша жылына 4 миллион тонна кен өңдеу жоспарланған.
Қазіргі уақытта жерасты жұмыстары басталды. Жобаға 309 миллион АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартылды. Өндіріс осы жылдың II тоқсанында, ал байыту фабрикасы 2026 жылы іске қосылады. Оған дейін «Шалқия» кені еліміздегі басқа байыту фабрикаларында өңделетін болады.
Қазір кәсіпорында 500-ден астам адам жұмыс істейді, ал фабриканы іске қосқаннан кейін 1500-ге артады. Бұл өз кезегінде аймақтың еңбек нарығына оң әсер етеді.
Сіздерді бірлесіп жұмыс жасауға шақырамыз. Облыс әкімдігі тиісті жер телімін беруге, инженерлік-инфрақұрылым жеткізуге, өндірілген өнімді сату үшін жан-жақты қолдау көрсетуге дайын», – деді Н.Нәлібаев.
Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі